“Басқаша гүлдей бастадым”: Ерке Есмахана балалы болғаннан кейінгі бойындағы өзгерісін айтты
Тіпті тұла бойым өзгеріп, басқаша гүлдей бастадым
Талантты әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында балалы болғаннан кейінгі өзінде қандай өзгеріс болғанын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz
«Босанған соң шашың түседі, дымы қалмай» дейтін еді ғой. Менікі керісінше, тез өсіп, қалыңдап кетті. Тіпті тұла бойым өзгеріп, басқаша гүлдей бастадым. Негізі менің табиғатым керісінше ма бірдеңе. Өздеріңіздің өзгерістеріңізді жаза өтіңіздер», - деп жазды әнші.
Оқырмандардың басым көпшілігі әншінің мұндай күйде жүруіне жақсы көңіл күй әсер еткен деп пікір қалдырды.
«Бағбаныңыз жаксы бағып жатқаннан шығар», «Көңіл күйі жақсы адамның шашы түспейді. Махаббатқа шомылып, жайнап жүрсіз ғой», «Құлпыртып отырған бағбаныңыз жақсы болғаны ғой»,- деп жазды көпшілік.