Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді
Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.
Айта кетейік, 13 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаевқа Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке елорданың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілген еді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.