Димаш Құдайбергеннің ата-анасы боксшы Нұрбек Оралбайға ерекше сыйлық тарту етті
Мынау құндыз тон арнайы саған
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар Париж Олимпиадасында ел намысын қорғап, күміс жүлдені жеңіп алған Нұрбек Оралбайды арнайы құттықтап барды. Өнер иелері боксшыға ерекше сыйлық жасаған,-деп хабарлайды newsroom.kz
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ел қоржынына күміс жүлде түсірген спортшыға өымбат тон кигізген. Олардың Нұрбек Оралбайға сыйлығын табыстаған видеосын Tik-Tok желісінде тарап кеткен.
"Естелік болсын деп, келе жатып саған арнайы сатып алдық. Құрметтеріңізге көп рақмет. Мынау құндыз тон арнайы саған. Киіп алшы, көрейік. Өзіңе шап-шақ екен. Апаңның көзмөлшері дұрыс болды. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсетіп, жеңісті, тұғырлы жолда жүргені үшін ат мінгіземіз ", - деді Қанат Айтбаев.
Нұрбек пен Айбек Оралбай ерекше құрмет көрсеткен әншінің ата-анасына алғысын айтты.