Шоубиз

"Негізі өте жиі көрісіп тұрамыз": Дәурен Айдарқұлов бұрынғы әйелімен арақатынасы жайлы айтты

Әлеуметтік желіде Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің  бейнежазбасы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік бұрынғы ерлі-зайыптының өзара өнердегі өзара сыйластығына тәнті болды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бейнежазба Instagram желісінде желісінде пайда болды.Бейнежазбада өнер  иесі бұрынғы әйелі туралы ойын айтып жатқанын көруге болады. Өнер иесі ортада балалар болған соң экс-келіншегін жиі көріп тұратынын жеткізді.

"Рақмет, Ақбота! Менің серіктесім. Алла разы болсын саған. Үйде болмаса да, тойда жиі көрісе берейік. Негізі өте жиі көрісіп тұрамыз. Ортада балаларымыз бар", – деді Айдарқұлов.

Желі қолданушылары ажырасып кетсе де, өзара сыйластығын тоқтатпаған,өнер жұлдыздарына тәнті болып, пікір қалдырды.  

"Ажырасып кетсе де, жақсы қарым-қатынаста қала алыпты. Жарайсыңдар", "Биыл бәрі қосылып жатыр. Мүмкін бұл жұп та қосылып қалар", "Айырылысып кетсе де, бірге жұмыс жүргізіп жүр екен ғой", "Ақбота өте ақылды әйел. Балаларының әкесін сыйлайды", "Қалжыңдары да жарасып тұр. Осы жұп өзіме қатты ұнайды", – деп жазуда көпшілік.