Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген.
Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.