Жаңалықтар

Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Астана, Алматы мен Шымкенте 12 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда ақша бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с болады.

Шымкентте бүгін қара бұлт болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 37 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,2 м/с деңгейінде болмақ.