Демеу Жадыраев пен бапкері бидің түбін түсірді
Бүгін спортшыға Toyota Land 300 және 50 000 доллар тарту етілді
Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиаданың күміс жүлдегері, грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраевқа қошемет жалғасуда. Туған жеріне оралған спортшы сый-сыяпатқа кенеліп, кешкілік той мейрамханада жалғасты,-деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін туған жері Панфилов ауданында спортшыға Toyota Land 300 және 50 000 доллар берілді. Алматы облысы, Талғар қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары – спортшының алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков және жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа Haval көлігін мінгізді.
Сондай-ақ, анасы Күлипа Бижановаға салтанатты түрде құрмет көрсетіліп, Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілті табысталды.
Одан бөлек жерлестері ат, жылқы басқа да ықылас қолдауларын көрсетуде.