Жаңалықтар

Рухтарын өлтіріп: Парижге барған спортшыларымыздың көздерінде неге от жоқ?

Олимпиада ашылған күнгі жүрген жүрістерінен шошып едім, спортшыларға ұқсаған жоқ

Мына спортшы жігітке қарай бергің келеді. Бойында бәрі тұр. Жастық, жігер, сымбат, көзіндегі от, жүзіндегі шуақ, қуаныш. Тірі, жас, спортшы адамның бейнесi. Біздікілердің біразы жас болса да шалдар сияқты сақал қойып алған. Бұл туралы қазақстандық тележурналист Серік Абас-шах өз Facebook парақшасында жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ол сақалдары бір жөнді сақал болса ғой, жабайыланып бетімен кеткен бірдеңе, (адам шошиды). Жастық жігерді былай қойғанда, көздерінде от жоқ. Құлшыныс туралы айтпай-ақ қояйын.

Олимпиада ашылған күнгі жүрген жүрістерінен шошып едім, спортшыларға ұқсаған жоқ. Жай жүрген біреулер сияқты болып көрінген.

Өзбектің рингке шыққан боксшылары ойнақтап тұр, ал біздікілер күн жаумай су болып жүр. Рухтарын өлтіріп, басып-жаншып тастаған секілді.

Қазақ спортын тамыр-таныстықпен, рушылдықпен, жершілдікпен өлтіріп, енді бұдан былай өзбек спортшыларына жанкүйер болып отыратын шығармыз.

Суретте Олимп шыңын бір емес, екі рет бағындырған чемпион, өзбекстандық таеквандошы жігіт Улугбек Рашидов.