weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда Абай күніне арналған концерт-спектакль өтті

Абайдың жас, дана және күрескер кезеңдерін еліміздің танымал актері Ернат Күншібаев сомдады

Алматыда Абай күніне арналған концерт-спектакль өтті
Фото: newsroom.kz

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті. Көрермендер әр нөмір сайын шабыттана қол соғып, әртістерге ризашылығын білдірді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Абайдың жас, дана және күрескер кезеңдерін еліміздің танымал актерлері Ернат Күншібаев, Болат Әбділманов және Ерлан Біләл  сомдады.
Спектакльде Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының хоры мен SteppeSons аспаптық тобы Абайдың әндерін орындап, қойылым мазмұнын терең ашты.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары ақынның төрт мезгіл туралы өлеңдерін оқып, халық ықыласына бөленді.Сахнаны кітап бетіне ұқсас экран толықтырды, онда көрермендерге Абайдың қара сөздері көрсетілді.

Бағдарламаның музыкалық бөлігінде «МузАРТ» тобы мен Ерден Жақсыбек әдемі әуенге толы әндер орындады. Спектакль-концерт «IL CANTO» вокалдық квартетінің орындауындағы Абай әндерінен құралған попурримен аяқталды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→