Жаңалықтар

Ақтөбеде жол апатынан тағы да екі адам көз жұмды

Оқиға бүгін сағат шамамен 6:00–де Хромтау ауданында болған

Оқиға бүгін сағат шамамен 6:00–де Хромтау ауданында болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысып, Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы қайтыс болды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске салайық, 7 тамыз күні Ақтөбенің Самара — Шымкент тасжолында жеңіл және жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, 8 адам мерт болды. Олардың арасында Маңғыстаудағы турнирге жолға шыққан оқушылар бар.

Сондай-ақ сол күні түнде тағы да  жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды.