Бақыт Сұлтанов азық-түлік бойынша елімізде ешқандай тапшылық жоқ екенін айтты

13 Наурыз, 2020 86 0

Күні кешегі шұғыл түрде өткен Қазақстан билігінің коронавирустың алдын-алу туралы жиынынан соң, WhatsApp және басқа әлеуметтік  желілерде сауда орталықтарындағы суреттер тарап кеткен болатын.

Бос қалған сөрелер, азық-түлік тапшылығы, дүрбелеңге түскен халықтың түрлі қауесет-хабары БАҚ тарапынан сұрақ туындатты. Осы жөнінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов дүрбелеңге түсудің қажеті жоқтығын айтты.

"Қазақстанда азық-түліктің жоғары деңгейі байқалады. Импорт көлемі басым тауар ол - қант пен тауық. Бұл тауарлар көршілес Ресейде көптеп өндіріліп жатыр. Ішкі нарыққа жеткізуде ешқандай кедергі жоқ. Және айта кетерім, әлеуметтік желілерде тараған азық-түлік тапшылығы деп дүрбелеңге түсуге себеп жоқ. Барлығы бақылауда",-деді Бақыт Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тегтер: Азық-түлік, БақытСұлтанов, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.