Бала түнгі уақытта үйінен бес метрге ұзамауы тиіс: Полиция ескерту жасады

Кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған

Фото: Orda.kz

Егер бала ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз беймезгіл уақытта сыртта жүрсе полиция бөліміне жеткізіледі. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Сағат 22:00 мен таңғы 6:00 аралығында балаларға ойын-сауық орындарында жалғыз жүруге болмайды. Сондай-ақ, сағат 23:00 таңғы 6:00 дейін кәмелетке толмағандарға көшеде заңды өкілдердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынған.

Осы уақытта балалар аулада отырса, үйінен 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оның түнгі жүрісінің себебі мен заңды өкілдерін анықтауға міндетті.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде қараусыз болғаны үшін ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынады,-деп ескертті полициядан. 

Сондай-ақ ойын-сауық орындарында жүрсе - 3 АЕК көзделген. Ал үйден тыс жерде жүрсе алдымен ескертіледі. Егер мұндай дерек 1 жыл ішінде қайталанса - 7 АЕК айыппұл қарастырылған.

Айта кетелік, беймезгіл уақытта баланың ойын–сауық орындарында болғаны үшін иесіне де айыппұл салынады.

 

Жүктелуде...