Жаңалықтар

Бүгін еліміздің мегаполистерінде жаңбыр жауады

Бүгін, 10 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте жаңбыр жауады деп болжанды. Оңтүстіктегі қалаларда күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін үш мегаполисте де да аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде.

Алматыда ауа температурасы күндіз 33 градусқа жетсе, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5 м/с болады.

Астанада күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтерілсе, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы -8,1 м/с.

Шымкентте термометр 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,1 м/с.