Жаңалықтар

“Неге қазақтың жігіттері жұбымен жүрмейді?”: Сметовтің әрекетін коуч сынға алды

Сондай-ақ ол Чемпионның анасымен бірге түскен суретін жариялады

Белгілі коуч Роза Әшірбаева Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің анасымен жүрген видеосы туралы өз ойын айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы арнасында жазды,-деп хабарлайды newsroom.kz 

Коуч Елдос Сметовпен бірге өмірлік жары емес, анасы жүріп келе жатқан видеоны жариялап арнайы жазба қалдырды.

«Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Қолына баласын алып алады. Жан-жағында ата- анасы. Әйелі сонша баланы туып, оны күтіп-батап, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата- аналар біліңдер, бала - қонақ», - деп жазды коуч. 

Сондай-ақ ол Чемпионның анасымен бірне түскен суретін жариялап: қорықпа балам, мамаң келеді қасыңда, деп мазақ етті.