weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жоан Роулиң балаларға арналған повесін жариялауды бастады

Жоан Роулиң балаларға арналған повесін жариялауды бастады

Жоан Роулиң балаларға арналған повесін жариялауды бастады
ашық дереккөзі
Танымал британ жазушысы Жоан Роулиң балаларға арналған повесін интернетте жариялай бастады. «Хәрри Поттер» кітабының авторы бұл туындысын 10 жыл бұрын жазған. Көңілінен толық шықпағандықтан шимай дәптерінде қалып қойған.  width= Жазушының балаларға арналған бұл шығармасы «Икабог» (The Ickabog) деп аталады. Шимай дәптеріндегі туындыны қайта қарап, өңдеп жазып шыққан. Оны енді бөлім-бөлім бойынша 10 шілдеге дейін жұмыс күндері арнайы сайтында жариялап тұрады.Одан кейін сатылымға шығады. Британдық жазушы жаңа шығармасының алғашқы екі бөлімін жариялады. «Икабог» 7-9 жастағы балаларға арналған. Оқып шығуына да жеңіл.
Жоан Роулиң өз сайтында жазғандай, «Икабог» жайлы шығарма бастау «Хәрри Поттерді» жазып жүргенде-ақ ойында болған. Бастап та қойған. Бірақ көзілдірік таққан сиқыршы жайлы жазған кітабы жарыққа шыққаннан кейін басқа туынды жазуды бастап кеткен. Ал «Икабог» қалып қойған. Бұл ертегіні кішкентай кезінде екі балама кешкісін оқып беретінмін. Олардың есінде әлі бар. Шығарма солардікі десем де болады. Сол бір отбасылық бақытты шақтың естелігі іспетті, - дейді жазушы.
Икабог – билікті асыра сілтеу жайлы тарихи шындық. Бұл туралы жазу менің ойыма 10 жыл бұрын келген. Сондықтан оны қазіргі қоғамдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. Себебі бұл қай кезде болсын, қай елде болсын, әрқашан да мәңгілік тақырып. Повесть theickabog.com. сайтында 10 шілдеге дейін жарияланады. Қараша айында кітап басылады. Сондай-ақ электрон және аудио нұсқалары да дайындалып, сатылымға шығады. Өзге тілге де аударылады. Шығармадан түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады. Оның ішінде коронавирустан зардап шеккен балалар денсаулығына бағытталмақ.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→