Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы 8 адам қаза болған жол апаты: күдікті екі айға қамауға алынды

7 тамызда Ақтөбе облысындағы 8 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты болды. Күдікті 2 айға қамауға алынды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақтөбе облыстары соттарына сілтеме жасап.

"Хромтау аудандық сотының тергеу судьясының 09.08.2024 жылғы қаулысымен Қылмыстық кодекстң 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп күдікке ілінген азамат С.-ға қатысты тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қанағаттандырылды.

Сот тергеу уақытында екі ай мерзіміне, яғни 7 қазанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.