Жапонияда жер сілкінісінен 13 адам зардап шеккен
Миядзаки мен Кагосима префектураларында бес балдық жер сілкінісі сезілді
Жапонияның Кюсю аралына жақын маңда болған алапат жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Киодо агенттігі елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Бейсенбі күні Кюсю аралының оңтүстік-шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша сағат 16.43-те қатты жер сілкінісі болды. Бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасы 6,9, кейіннен 7,1 деп белгіленді. Миядзаки мен Кагосима префектураларында бес балдық жер сілкінісі сезілді. Кюсю аралының шығыс жағалауы мен Сикоку аралының батыс және оңтүстік жағалауында цунами қаупі жарияланды.
Жер сілкінісі салдарынан жүрдек пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Кюсюде үйлердің ішінара қирауы тіркелді.