Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентін құттықтады

Президент Сингапурдың экономика және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті

Фото: Telegram/ aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Ақордаға сілтеме жасап. 
 

Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.

 

Жүктелуде...