Жаңалықтар

Парижде Олимпиадаға барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы кенет қайтыс болды

Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен көз жұмды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі растады.

"Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахмет.

Айта кетелік, Ерден Рашидұлы Алматы қаласының спорт басқармасына қызметке 2022 жылдың мамыр айында келген. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.