Sportroom

Елдос Сметов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік бестіктің қатарына енді

 Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада алтынын ұтқан соң, рейтингтің жоғары сатысына көтерілді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошылардың әлемдік рейтингінде Елдос Сметов  22-орында болған. Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін, 17 сатыға көтеріліп, 5-орынға тұрақтады.

Қазақстандық дзюдошының еншісінде 4970 ұпай бар.