Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында күміс жүлдені ел қоржынына салды
Қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлде иеленді
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері атанды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Нұрбек Оралбай финалда Украина спортшысы Александр Хижнякпен шаршы алаңды бәсекеге түсті. 80 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлде иеленді.
Айта кетелік, бұл жүлде Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен жетінші медаль. Қазір еншімізде 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.
Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай Олимпиаданың 1/8 финалында аустралиялық Каллум Питерсті жеңген еді. Ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахвердиевті, жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналесті бәсекеде жеңген болатын.