Sportroom

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері атанды

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде финалдық бәсекеге түсті

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында күміс жүлдені қанжығасына байлады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде финалдық бәсекеге түскен қазақстандық балуан жапониялық Нао Кусакаға 2:5 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені еншіледі. 

Еске сала кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы сында Колумбия спортшысы Джейр Куеромен шаршы алаңда бәсекеге түсіп, жеңген еді. Балуанымыз ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық спортшы Ақжол Махмудовтан басым түсті.

Жартылай финалда Әзірбайжан спортшысы Санан Сүлеймановты бозкілемде жеңген болатын.

Айта кетелік, 20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен қазақстандық балуан финалға шықты. Бұл Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен алтыншы жүлде.