Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты
Балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан
Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, салдарынан 8 адам көз жұмды,-деп хабарлайды newsroom.kz
“Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Оның бесеуі бала. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан", – деп мәлімдеді Темір жол министрлігінің басқарма басшысы Айдос Құлжанов.
Алғашында үш баланың өлімі туралы айтылған еді. Кейін Toyota Ipsum автокөлігін тағы екі баланың денесі шығарылды. Нәтижесінде апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты.
Айта кетелік, көз жұмған балалар 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.