Жаңалықтар

Оралда көпір жөндеу кезінде 47 жастағы жұмысшы өзенге құлап көз жұмды

Ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен

Оқыс оқиға 6 тамыз күні Орал қаласында Шаған өзенінен өтетін жаяу көпірді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде болған,-деп хабарлайды newsroom.kz

«Абайсызда қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкері, 1977 жылғы ер адам көпірден суға құлап, батып кеткен. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі кезде мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, Жаяу көпір биылғы су тасқыны кезінде қираған.