Жаңалықтар

Жедел жәрдем жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалды

Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.