Sportroom

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлде иегері атанды

Назым Қызайбай Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындары аясында бокс бәсекесінің жартылай финалында бақ сынап, қола жүлдені қанжығасына байлады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде Назым Қызайбай бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлде иегері атанды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) ұтқан. Есеп 4:1. Ал жарыстың 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен (5-0) тізе бүктірген.

Сондай-ақ, ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді жеңді. Есеп: 4-1.

Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, бір рет үздік үштікті түйіндеген.