"Орамалың құтты болсын": Ақбота Керімбекова өнерде жүрген әріптесі Айгүл Иманбаеваны құттықтады
Әнші өнердегі құрбысының жеке өмірі туралы айтты
Талант иесі, әнші Ақбота Керімбекова өзінің өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жеке өмірі туралы айтты, – деп хабарлайды newsroom.kz
Әнші бұл құттықтауды өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным – осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалығы да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс істеп жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!”, – деп жазды әнші.