Демеу Жадыраев қырғызстандық әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға өтті
Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Olympic.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді. Есеп - 3:1.
Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық сынына өту үшін бар күшін салады.
Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады.