Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелері өзгерді
Басты шарты суреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қызметі өзгерді, деп хабарлайды newsroom.kz
eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады.
"Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты суреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек".