Мәжіліс депутаты жаңа қызметке тағайындалды

13 Наурыз, 2020 55 0

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа орынбасарын таныстырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. 


Бақытгүл Хаменова 1981 жылы Атырау облысы Атырау қаласында туған. Екі баласы бар. 

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант.

Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.

1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.

2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары "Рахат ТВ" Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.

2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Nur Otan партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.



Тегтер: БақытгүлХаменова, Атырауоблысы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.