Жаңалықтар

Ақмола облысында бүтін бір отбасы суға батып кетті

Отбасы мүшелері шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткен

Ақмола облысында бір отбасы түгелдей суға батып кетті, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ТЖД мәліметінше, 4 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында болған.

«Төртеуі де бір отбасының мүшелері. 1980 жылы туған әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер тапты. 1977 және 2000 жылы туған екі ер адамның денесін Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр», - делінген ТЖД хабарламасында. 
 

Ведомство өкілдері отбасы мүшелерінің шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткенін айтты.

Осы ретте Ақмола облысының ТЖД азаматтарға судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.