Sportroom

Париж-2024: бүгін қай спортшыларымыз бақ сынайды

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бүгін 11 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды ,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгінгі Олимпиада ойындарында байдарка мен каноэде ескек есу шеберлері жарыс жолына шығады.

Ерлер арасында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров, Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий, әйелдер арасында Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова бақ сынайды.

Жеңіл атлетикадан Давид Ефремов 110 метрге жүгіруден жұбаныш сынында жарысқа шығады. Сонымен қатар 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Нора Джеруто финалда өнер көрсетеді.

Айта кетелік, грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадраев ел намысын қорғайды.Спорттық құзға өрмелеудің іріктеу кезеңінде Әмір Маймұратов Олимпиада ойындарына қатысады.

Сондай-ақ, Бокстан 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.Тікелей эфирде 6 тамыздан 7 тамызға қараған түні 00:25-те «Qazaqstan» арнасынан көрсетіледі.