Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады
Талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері «География – Шет тілі» болуы қажет
Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант ұсынады,-деп хабарлайды newsroom.kz
«В091 Туризм» және «В093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» мамандықтары бойынша талапкерлердің міндетті түрде бейіндік пәндері «География – Шет тілі» болуы қажет.
Сондай-ақ, негізгі ҰБТ-ның жалпы балы 65-тен жоғары («Қазақстан тарихы» және бейіндік пәндер кемінде 5 балл, «Оқу сауаттылығы» және «Математикалық сауаттылық» кемінде 3 балл) болу керек.
Айта кетелік, атаулы грантқа құжаттар қабылдау 18 тамызға дейін жалғасады.