Жаңалықтар

Тәшенев тартуы: 150 талапкерге грант беріліпті

Ж.Тәшенев университетінің қабылдау комиссиясы шешімімен жоғары балл жинаған талапкерлерге «Тәшенов тартуы» білім гранты тағайындалады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Негізгі талаптармен бөлісе кетейік, талапкер ҚР Ұлттық тестілеу орталығы өткізген тестті тапсырған және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан болуы міндетті.

Бірыңғай ұлттық тестілеуден (ҰБТ) бес пәннің жиынтығы бойынша жоғары балл жинауы керек. 

Сондай-ақ, конкурста ауылдық жерлерден қатысушыларға басымдықтар беріледі.

Мектептің 10-11 сыныптарында пәндік олимпиадалар мен түрлі байқауларда республикалық, халықаралық деңгейде жетістігі болып, шығармашылық емтихандар тобына кірмейтін білім беру бағдарламалары бойынша жоғары бағаланған талапкер.

Грант беру туралы шешім арнайы құрылған конкурстық комиссияның шешімімен анықталады.

Айта кетелік, егер конкурста бөлінген орындарға үміткерлердің ҰБТ балы тең болса, оның аттестаттағы үлгерімінің ортақ балы ескеріледі.