Ақтөбе облысында үш бала мен оларды құтқармақ болған әкесі өзенге батып кетті
Көз жұмған балалардың арасында ер адамның балалары мен туысы болған
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, балалар мұнда ата-аналарымен болған,-деп хабарлайды newsroom.kz
"Ырғыз өзеніне бірден төрт адам батып кетті: 7, 11 және 13 жастағы балалар мен оларды құтқармақ болған 39 жастағы ер адам. Көз жұмған балалардың арасында ер адамның балалары мен туысы болған", – делінген хабарламада.
Мәйіттерді іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Кейін оларды судан алып шықты.
Құтқарушылар суда қауіпсіздің ережелерін сақтауды сұрайды.