Жаңалықтар

Еліміздің мегаполистерінде бүгінгі ауа райы қандай болмақ

Астана, Алматы мен Шымкенте 4 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с болмақ.

Астанада болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,3 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтіледі. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.