Жаңалықтар

“Алматауға” келіп, гелендваген мініп тойлаңдар: танымал заңгер боксшыларды сынады

Судья Сәкенге бір емес, бірнеше ескерту жасады

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өз Facebook парақшасында Париж Олимпиадасының ширек финалында  жеңіліс тапқан боксшы Сәкен Бибосыновты сынады,-деп хабарлайды newsroom.kz

"- Мойындау керек өзбек боксшысы таза жеңді! Сәкен алақ-жұлақ етіп, басын бұға берді. Судьяда Сәкенге бір емес, бірнеше ескерту жасады.

Бас бапкер Марзағали Айтжанов, Махмудты құрбан қылып, өзінің сүйікті шәкірті Сәкен үшін жеңіл салмаққа жол ашып беріп еді сонда да ұта алмады!  

Дәл осы 51 кг салмақта Сәкеннің жеңіліп қалуы, бұл біздің спортшылардың бабында еместігін көрсетті.

Ешқандай тактика жоқ! Мінезбен, қайсарлық жоқ!   Ал енді "Аллаһтың қалауы осы ғой" деп "Алматау" ға келіп, геленваген мініп тойлаңдар"-деп жазды заңгер.