Sportroom

Нариман Құрбанов Париж олимпиадасында күміс жүлдені қанжығасына байлады

Спортшы жаттығуы үшін 15,433 ұпай алды

Париж олимпиадасында қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдеге ие болды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ол жаттығуы үшін 15, 433 ұпай алды. Ирландиялық Рис Маккленаган (15, 533) олимпиада чемпионы атанды. Қола медаль америкалық Стефан Недорошик иеленді - 15, 300.

Бұл – Қазақстанның гимнастикадан олимпиада ойындарында алған ең алғашқы медалі.