Sportroom

Париж – 2024: Сүйінші! Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды

Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лоренаны тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды newsroom.kz

Алғашқы екі раундта төрешілер қазақ боксшысына басымдық берді. Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. ​​​​​​ Осылайша, боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Келесі кезеңде отандасымыз қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады.

Айта кетелік, бұл – Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары.