Теміртауда алты жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті
Бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған
Алты жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды newsroom.kz
Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады.
Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!