Отандық жас әнші Дана Кентай көшеде билеп тұрған видеосымен бөлісіп, желіде аяусыз сынға тап болды.
Желідегілер өнер иесінің биіне емес, оның ашық образына шүйліккен. Олар шоу-бизнес өкілінің төстартқышы көрініп тұратын киімі тым ерсі екенін айтты деп хабарлайды Newsroom + ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.
Әнші Дана Кентай карантин басталғалы Instagram желісінде асқан белсенділік танытып жүр. Ол түрлі образдарды жұрт назарына паш етіп, көңілді видеоларымен бөлісуде.
Алайда, жас таланттың жариялаған соңғы видеосы қалың көпшілік көңілінен шықпаған. Желідегілер бойжеткенді төсттартқышы көрініп тұратын көйлек киіп алғаны үшін сынап тастады.
"Үстіндегі кофтаны кигенше, шеше салмадың ба" , "Мына киімің мен биің ұят болды", "Сыртын шеше сал, ар жағы бәрібір ап-анық көрініп тұр" , "Мата жетпей қалған ба? Мына образыңыз ұят енді" , "Сізден мұндайды күтпеген едік" , "Соңғы уақытта тым ашық киім таңдап жүрсіз" , "Мына қыздың арқасынан күн өткен сияқты. Киімі де биі де ерсі, өзіне сай емес" , - деп жаздуа көпшілік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел Асқар да іш киіммен түскен видеосын жариялап, елден оңбай сөз естіген болатын. Оқырмандар оған бейнежазбасында ораза тақырыбын кірістіргені үшін ашуланып шықты.