Танымал актер інісін сату үшін ата-анасын көндіргеніне қатты өкініп жүр

13 Наурыз, 2020 80 0

Танымал гонконгтік актер Джордан Чань (Jordan Chan) жас кезінде бауырының бірін ақша үшін сатуға қалай көндіргенін айтты, деп хабарлайды AsiaOne сілтеме жасаған newsroom.kz. 

Чань Қытайдың Гуандунь өңіріндегі кедей отбасында дүниеге келген. Жастайынан мехнат тартып, ата-анасы үнемі мал бақтырған. Ал ұлы қашып кетпеуі үшін əкесі аяғын шынжырлап та тастаған екен. Ал отбасы Гонконгқа қоныс аударған соң да Джордан мектепті тастап, жан бағуға тура келген. Шаңырақта тамаққа ақша жетпеуі қалыпты жағдай болатын дейді актер. Күндердің бір күні Чань ата-анасына інісін асырап алушыларға неге сатпаймыз деген ұсыныс айтады. Ата-анасы ұлының бұл сөзінен кейін қатты таңқалып, Чанды аямай ұрыпты. Алайда басқа амалдың жоғынан ұлдарының бірін сатуға бел буады. Танымал актер ол кезде інім бай отбасында тарықпай өмір сүреді. Өз кезегінде біз де алған ақшаға жақсы күн көреміз деп ойладым дейді. Іздеп жүріп Чанның ата-анасы 3 мың ганконг долларына (153 000 теңге) ұлын сатып жібереді. Джордан қазір сол əрекеті үшін қатты өкінетінін мойындайды. Сондай-ақ, ер жеткен соң қанша жыл іздесе де бауырын сол күйі таба алмағанына іші ашиды екен.

Тегтер: джордан, чан, әлем, бауыр, іні, гонконг, өсек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.