СҚО полициясы 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілерді анықтады
Аталған ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған
СҚО полициясы 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға Тимирязев ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жетекшісі жүгінді. Аталған ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері ұрланған.
Анықталғандай, бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады.
– Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қауіпін айтарлықтай төмендетеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.