Жаңалықтар

Қазақстанның кейбір қалаларында ауа райы қандай болмақ?

 

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz

"2024 жылғы 2 тамызда Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.