Елорда

Мемлекет басшысы Ақордада Конго президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алды

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақорда өкілдері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері елімізге Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.