Жаңалықтар

Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болмақ

Астана, Алматы мен Шымкентте 2 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, түнде 24 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,3 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін жетіп, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 40 градусқа дейін жетіп, түнде 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с деңгейінде болмақ.