"Төбелесіп те жүрдік": Тәуекел Мүсілім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты

"Төбелесіп те жүрдік": Тәуекел Мүсілім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты

ашық дереккөзі

Бүгінде отандық шоу-бизнесте аттары дүркіреп тұрған Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім бір сыныпта оқыған болып шықты деп хабарлайды, Newsroom + тілшісі  KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.  width= Тәуекел Мүсілім жұлдызды сыныптасы Қайрат Нұртас туралы бар шындықты айтып берді. Ол қазіргі таңда қазақ эстрадасының хитмені сабақты қалай оқығанымен "Ревю" бағдарламасында бөлісті. "Қайрат ән айтып жүрген кезде мен оны аса бір әнші ретінде қабылдамайтынмын. Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз" , - деді актер. Еске сала кетейік, отандық шоу-бизнесте сыныптас болған тағы өнер жұлдыздары бар. "Жігіттер" квартетінің мүшелері Ердос Қанаев пен Еркін Нұржанов бір топта өнер көрсетпес бұрын, бір мектеп қабырғасында 11 жыл бойы бірге оқып, бір партада отырып келген. Қос әнші 25 мамыр күні өздері түлеп ұшқан білім ошағына барып, ұстаздарымен қауышып қайтты.  

Жүктелуде...