Әнші Балжан Бидаш туылған күнін дүркіретіп атап өтті
Өнер жұлдызын "Егіз лебіз" жобасындағы жұбы Ұлан Қонысбаев арнайы Астанадан келіп, құттықтаған
Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш 26 жасын ерекше атап өтті. Талант иесі жақындарына және өнер жұлдыздырына дастархан жайып, туылған күнін дүркіретіп, атап өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz
Балжан Бидаш туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Шоу-бизнес жұлдызын барша жақындары мен өнердегі достары құттықтап келген.
Олардың арасында Фариза Ескермес, Айнұр Ілиясова, Жарқынай Ханайым, Жазира Еркін, Серік Ибрагимов, Жұлдыз Өмірғали, Айдай Исаева, Әсел Сағатова, Еркеш Хасен, Зарина Кармен, Тұрар Ыдырыс, Альбина Шардарова, Ғаділбек Жаңай және тағы да басқа өнер иелері бар.
Айта кетелік,, Балжан Бидашты 26 жасымен "Егіз лебіз" жобасындағы жұбы, футболшы Ұлан Қонысбаев арнайы Астанадан келіп, құттықтаған.
Балжан Бидаш туған күні жоғары деңгейде өту үшін барын салып дайындалған. Әнші ару мейрамханаға кірер алдына қонақтары үшін қызыл кілем төсеп, үстелдерді ерекше дизайнда безендірген. Шоу-бизнес жұлдызының туған күніне жиналған көпшілік отырыстың қалай өткенін Instagram желісінде бөлісті.