Париж Олимпиада-2024: бүгін жарыс жолына қай спортшыларымыз шығады
Дзюдодан -100 келі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан сынға түседі
Парижде өтіп жатқан байрақты бәсекенің алтыншы күні сегіз қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығып, ел намысын қорғайды,-деп хабарлайды newsroom.k
Бүгін Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде дзюдодан -100 келі салмақ дәрежесінде Нұрлыхан Шархан сынға түседі, сондай-ақ, садақ атудан ерлер арасындағы жекелей сында Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Ерменко, оқ ату спорты бойынша әйелдер арасында Александра Ле мен Арина Алтухова жарыс жолына шығады.
Бокстан Назым Қызайбай (50 келі) 1/8 финалда бақ сынаса, Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5) мен Айбек Оралбай (92 келі) ширек финалдық кездесулерін өткізеді.