Алматы қаласында мекеме бұзылған
Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы «Шұғыла» шағын ауданындағы Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан нысанның бұзылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz
Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды, оны меншік иесі өз кезегінде орындамады. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды.
Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.